«Рухани жаңғыру» бағдаламасы аясында «Балқашқа 80 жыл» мәнерлеп оқу сайысы

«Рухани жаңғыру» бағдаламасы аясында  «Балқашқа 80 жыл»  мәнерлеп оқу сайысы

«Рухани жаңғыру» бағдаламасы аясында
«Балқашқа 80 жыл»  мәнерлеп оқу сайысы бойынша ақпар

«Рухани жаңғыру» бағдаламасы аясында «Балқашқа 80 жыл»  тақырыбында қала мектептерінің оқушылары арасында мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқауға қаланың қазақ мектептері  қатысты. Қаламыздың  80 жылдық  мерейтойына  орай  өткізілген байқаудың мақсаты: жергілікті ақын-жазушыларымыздың  поэзиясы мен прозасын мәнерлеп оқып,  жас ұрпаққа дәріптеу.  Байқау барысында 1-орынды №2 санаторлық мектеп-интернатының оқушысы Жақанов Әділет, 2-орынды №8 орта мектебінің оқушысы Қалиасқар Аружан және лингвистикалық бағыттағы №16 орта мектебінің оқушысы Қазбекова Меруерт, 3- орынмен Абай атындағы №2 лицей оқушысы Зарубек Зарина және №15  мектеп-лицейінің оқушысы Ерғали Асем иеленді. Сонымен қатар оқушылар байқауға белсене қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.