мұғалімдердің облыстық секциялық отырысы
2013 жылдың 21 тамызында Қарағанды облысының білім басқармасы Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Сапалы білім мен тәрбие – Қазақстанның мемлкеттік саясатының басымдылығы» атты облыстық секция отырысы болып өтті. Отырысқа Балқаш қаласы білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі әдіскерлері мен әдістемелік бірлестік жетекшілері қатысты. Өзекті мәселелер бойынша баяндамалар оқылып, жаңа оқу жылына ұсыныстар берілді. 2013 жылдың 1 қыркүйегінен бастап енгізілетін жаңа оқу стандарты жан-жақты талқыланып, ерекшеліктері айтылды.
Дата: 26.08.2013, 3:38 Автор: Школы и сады г. Балхаш