Жаңалықтар

Мұғалімдер арасында асық атудан турнир өтті...

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2021-11-02 20:52:46
Мұғалімдер арасында асық атудан турнир өтті...
Бүгін, 2 қараша күні білім беру мекемелерінің дене шынықтыру мұғалімдері арасында асық атудан қалалық турнир өтті. Жарысқа мектеп командалары өзара бақ сынасып, көпшілік алдында ептілігі мен көшбасшылық қасиеттерін көрсете білді. Турнир қорытындысы бойынша Михаил Русаков атындағы мектеп-интернатының командасы жеңімпаз атанды. Құттықтаймыз!

Педконсилиум "1 және 5 сынып оқушыларының бейімделуі"...

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2021-11-02 20:49:38
Педконсилиум
1 қараша күні мектебімізде 1 және 5 сынып оқушыларының бейімделуіне байланысты пән мұғалімдері, психолог, мектеп әкімшілігінің қатысуымен педагогикалық консилиум өтті. Мақсаты: оқушылардың бастауыш сыныптан негізгі мектепке өту кезеңіндегі бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында оқушылар ұжымында педагогикалық жағдай туғызу; 1 сынып оқушыларының мектеп қабырғасына бейімделуі. Оқушылар өмірінде...

"Таза табиғат" жобасы аясында ағаш отырғызылды

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2021-11-01 19:09:58
Ағаш отырғызыңыз - планетаға өмір беріңіз! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына Жолдауында қоршаған ортаның жағдайын жақсартудың маңыздылығын атап өтті. Ұлттық табиғатты қорғау шаралары «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасында және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуде қарастырылған. Михаил Русаков атындағы мектеп-интернатының ұжымы «Таза Табиғ...

Қамқоршы күніне орай жиын өтті

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2021-11-01 19:05:30
Қамқоршы күніне орай жиын өтті
29 қазанда Қазақстанда Қамқоршы күні атап өтіледі. Бұл ерекше мереке, балаларды тәрбиелеу бойынша ауыр жүкті өз мойнына алған адамдар, өз жанының жылуын, нәзіктігін және оған ерекше мұқтаж балаларға назар аударуды шын жүректен білетін адамдар үшін мереке." Қамқоршылар күні - бұл ерекше мереке, әртүрлі себептермен ата-аналары жоқ балаларды тәрбиелеу үшін ауыр жүкті алған адамдар үшін мереке....

"Балалар түнгі қалада" рейді

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2021-11-01 18:58:00
30 қазан күні «Балалар түнгі қалада» атты профилактикалық рейдтік іс-шара жүргізілді. Шара барысында ойынханалар, кафе, мейрамхана, тойханаларды аралап, иелеріне беймезгіл уақытта кәмелетке толмағандарды жұмысқа тарту, оларға ойын ойнауға рұқсат беру құқықтық жауапкершілікке соқтыратынын түсіндірді. Рейдттік іс-шара жұмыстары жалғасуда.

27 қазан күні қалалық «Жыл мұғалімі» қалалық байқауының екінші кезеңі бастау алды

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2021-10-30 16:46:05
27 қазан күні қалалық «Жыл мұғалімі» қалалық байқауының екінші кезеңі бастау алды
27 қазан күні қалалық «Жыл мұғалімі» қалалық байқауының екінші кезеңі бастау алды. Бұл кезеңде мұғалім Ш. А. Алиева «Тәуелсіздік – орындалған арман. Қазақстандық жол» тақырып төңірегінде сынып сағатын өткізді. Сабақ әртүрлі стратегиялар мен технологияларды пайдалана отырып, жаңартылған білім мазмұнына сай құрылды.

«Заманауи сабақ – тиімді және сапалы білім берудің негізі» тақырыбында кезекті педагогикалық кеңес өтті.

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2021-10-30 16:42:17
 «Заманауи сабақ – тиімді және сапалы білім берудің негізі» тақырыбында кезекті педагогикалық кеңес өтті.
30 қазан күні «Заманауи сабақ – тиімді және сапалы білім берудің негізі» тақырыбында кезекті педагогикалық кеңес өтті. Күн тәртібінде: 1. «Заманауи сабақ – тиімді және сапалы білім берудің негізі». Н. С. Рахимберлина 2. Оқу жетістіктерін бағалау жүйесі. Г. Т. Сопыханова 3. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау стратегиясын жүзеге асырудағы цифрлық техн...

"Гүлденген саябақ" байқауының жеңімпазы атандық...

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2021-10-30 16:36:55
Адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүре алмайды. Өйткені адам баласы табиғатта тіршілік етеді. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес. Бүгін біз «Қазақмыс» корпорациясының қолдауымен, Қарағанды қаласы экологиялық мұражайының ұйымдастыруымен өткен «Гүлденген саябақ» байқауының жеңімпазы атандық. Акция барысында мектеп оқушылары мен жас экологта...

Есентүгел Елеукенмен адалдық сағаты...

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2021-10-29 17:18:16
Есентүгел Елеукенмен адалдық сағаты...
2021 жылдың 28-қазаны күні 1-11 сынып оқушыларына Қазақстан КВН Одағының Президенті Есентүгел Елеукенмен өткен «Адалдық сағаты» көрсетілімі ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларға адалдық, шындық туралы түсінік қалыптастыру. Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т. б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бірін-бірі сыйлап...

Үш тілді меңгерген жастар арасында "Тілдарын" байқауы

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2021-10-29 16:47:59
Үш тілді меңгерген жастар арасында
29-қазан күні «Тілдер орталығы» КММ 2021 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес үш тілді жетік меңгерген жастар арасында «Тілдарын» байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты: үш тілді – қазақ, ағылшын, орыс тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау. Байқау шарты бойынша 21-35 жас аралығындағы азаматтар қатыса алды. Байқауға мектебіміздің педагогы М. Т. Мұ...

Суреттер көрмесі

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2021-10-28 17:17:28
Суреттер көрмесі
Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орны ерекше екендігін түсіндіру, отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру, отбасы мемлекетіміздің бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен ұжымдыққа тәрбиелеу мақсатында 28 қазан күні «Менің Отбасым» тақырыбында суреттер көрмесі ұйымдастырылды.

Қамқоршылар күніне орай...

Дәреже: Жаңалықтар
Дата: 2021-10-28 13:01:29
Қамқоршылар күніне орай...
28 қазан күні қамқоршылар күніне орай спорттық ойындар арқылы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу, пәндік білім, білік, дағдыларын одан әрі жетілдіру мақсатында «Біз салауатты өмірді қолдаймыз!» атты спорттық жарыс ұйымдастырылды. Жарыс әділ және көңілді өтті, оқушылар екі команда құрамында қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша достық женді деп шешілді.

бiрiншiсi 1 47 48 49 50 51 159 соңғысы