Біз туралы

      

           Балқаш қаласы Абай атындағы №2 мектеп-лицейі  ең алғашқы қазақ тілінде оқытатын мектеп болып 1932 жылы ашылған.  Лицейде білім алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес оларға кең ауқымда және тереңдете жаратылыстану-математикалық білім беруді қамтамасыз ететін негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары және қосымша білімнің білім беру бағдарламалары іске асырылады. Оқыту тілі - қазақ тілі. Бүгінгі таңда лицейде 1055 оқушы білім алуда.     Педагогикалық ұжым - 80 мұғалімнен құралған.  Оның жоғары санаттысы -5, бірінші санаттысы -4, екінші санаттысы -2, санатсызы- 24 мұғалім. Педагог-зерттеуші – 17, педагог-сарапшы – 21, модератор – 8 мұғалім.  Сапалық құрам 57,5%-ды құрайды.

    Лицейде оқу кабинеттерінің саны - 31.  Жаңа модификациялы физика, биология, химия кабинеттері, IT, лингафондық, информатика, гидропоника  кабинеттері, STEM орталығы, «Интеллект» кабинеті, «Руханият» мұражайы, этномәдени орталығы, «Коворкинг» орталығы,  Абай залы, 150 орынды акт залы, спорт залы, 130 орынды асхана бар.                                                                     Лицей кітапханасының   кітап қорында 54068 дана кітап бар, оның  30253 данасы оқулық, 23815 данасы  көркем әдебиеттер.                         

     Лицей 2016 жылдан бастап «Bilimal»  электрондық жүйесінде жұмыс жасайды, «Bilimland»  платформасының сандық ресурстарын пайдаланады. Ал 2020-2021 оқу жылынан бастап «Едумарк» интернет платформасына енді.

Жалпы компьютерлер саны – 119. Лицей жаңа инновациялық қондырғылармен жабдықталған: LCD подиум - 2, ПИК – 16, инновациялық-ақпараттық киоск-1 дана.  Интернет орнатылған.

            Лицейімізде бейіндік пәндерді тереңдету курстары, элевтивтік курстар, факультативтер, оқушылардың қызығушылығына байланысты сыныптан тыс уақытта жүргізілетін үйірмелер және спорттық секциялар жүргізіледі.  Лицейішілік «Кітап-білім бұлағы»,  «Абай-руханияттың алтын қазығы», т.б. жобалар жүргізіледі. 

         Оқушылардың білімдерін тереңдету, ғылыми ізденістерге бейімдеу мақсатында Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетпен, академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетімен,  «Bilim-orkeniety»  ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығымен серіктестік аясында  жұмыстар атқарылуда.