ҚР Оқу-ағарту министрлігі 2024-2026 жылдарға арналған су үнемдеу жөніндегі Жол картасының шеңберінде 18 сәуір күні 1-11 сыныптарға «Суды үнемде –болашақты сақта» тақырыбындағы сынып сағаттары өтті. Мақсаты: Оқушыларға судың маңыздылығын түсіндіру, оны үне
19-05-2025 12:53

ҚР Оқу-ағарту министрлігі 2024-2026 жылдарға арналған су үнемдеу жөніндегі Жол картасының шеңберінде 18 сәуір күні 1-11 сыныптарға «Суды үнемде –болашақты сақта» тақырыбындағы сынып сағаттары өтті.
Мақсаты:
Оқушыларға судың маңыздылығын түсіндіру, оны үнемдеу жолдарын үйрету, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Сынып сағаттары интерактивті түрде өтті. Алдымен оқушыларға судың табиғаттағы айналымы, ауыз судың тапшылығы және адамзат үшін маңызы туралы бейнеролик көрсетілді. Кейін суды үнемдеу жолдары туралы ашық пікірталас ұйымдастырылып, оқушылар өз ойларын ортаға салды.