Ағылшын тілі апталығының қорытындысы 25 сәуір мектебімізде ағылшын апталығының жабылу салтанаты өтті. Апталықтың негізгі бағыты– оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру және сөйлеу дағдыларын дамыту. Апталық соңында қорытынды кеш ұйымдастырылды. Ке
19-05-2025 11:32
Ағылшын тілі апталығының қорытындысы
25 сәуір мектебімізде ағылшын апталығының жабылу салтанаты өтті. Апталықтың негізгі бағыты– оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру және сөйлеу дағдыларын дамыту.
Апталық соңында қорытынды кеш ұйымдастырылды. Кеште оқушылар ағылшын тілінде тақпақ айтып, өлең оқып, сценка қойып, ән салып, би билеп, сұрақ-жауап сайысына қатысты.
Кеш өте қызықты әрі мазмұнды өтті. Белсенді оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Мұндай іс-шаралар балалардың шет тіліне деген ынтасын арттыра түседі.