22 қараша күні “Б.Момышұлы атындағы ЖББ мектебінде” “Жеңге мінезімен көркем” атты жеңгелермен дөңгелек үстел өтті.
22 қараша күні “Б.Момышұлы атындағы ЖББ мектебінде”
“Жеңге мінезімен көркем” атты жеңгелермен дөңгелек үстел өтті. Шараның мақсаты адамгершілік қасиеттерін, жеңге мен қайын сіңлінің арасындағы өзара сыйластық, бір - біріне деген сүйіспеншілікті нығайтып, ана мен бала, жеңге мен қыз арасындағы тәрбиені одан әрі дамыту, Отанын, тілін, қазақы салт - дәстүрді құрметтей білуге үйрету.
Дөңгелек үстелде жеңгелер салт-дәстүрге, бала тәрбиесіне байланысты сұрақтарға жауап беріп, өз кеңестерімен бөлісті. Шараның соңында жеңгелер қолынан келетін өнерлерін көрсетіп, тәжірбиелерін айтты.