Размер шрифта:
«Жалпы құқықтық білім беру және құқық бұзушылықтың алдын алу»
06-05-2024 03:27

2024 жылдың 6 мамыр күні «Жалпы құқықтық білім беру және құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында мектеп инспекторы Коразбаев Нурлыжан Айтмаганбетович 7-10 сынып оқушыларына дәріс өткізді. Мақсаты: құқық  бұзушылық  пен  келеңсіз  жағдайларды  барынша болдырмау және  алдын алу,   оның  зияндылығы мен қауіптілігін түсіндіруде  — өскелең  ұрпаққа  құқықтық тәрбие беру,  оның  мақсат – міндеттерін   дұрыс түсіндіру. Құқықтық тәрбие беру жан — жақты  тәрбиелеудің маңызды  бір саласы. Жастарды құқықтық  сауаттылыққа  тәрбиелеу – олардың  қылмысқа ұрынбауына, ұрлық жасамауға, өздігінен өмірдегі мәселелерді шешуде дұрыс шешім қабылдауына, келеңсіз, жағымсыз  жағдайлардан  тартынуына,  қоғамға пайдалы іспен шұғылдануларына  жәрдемдеседі.