“Дұрыс тамақтану” тақырыбында кездесудің ақпары
04-04-2024 13:33

«Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте» КММ

8 сыныптар арасында өткен

“Дұрыс тамақтану” тақырыбында кездесудің

 ақпары

 

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес "Медицинаға қадам" облыстық жобасы аясында “Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-сінде  “Балқаш қаласының медициналық колледжі” КМҚК эпидемиолог дәрігері  Ахбетова Гулнар Мухитовна, педиатр Қыздарбекова Ботакөз Акбергеновна, Мухтар Дильмира мен Сейітқасым Аружан мейіргер ісінің 4 курс студенттерімен “Дұрыс тамақтану” тақырыбында кездесу өтті. Мақсаты: Оқушыларды дұрыс тамақтану мәдениетімен танысытырып, денсаулықтың адам өміріндегі маңызын, құндылығын түсіндіру.

Оқушыларға дұрыс тамақтанудың ережелерімен, негізгі шарттарын айтып түсіндірді. Адам ағзасына пайдалы деген қоректік заттар мен дәрумендердің күнделікті тамақ рационында болуы, салауатты өмір салтын ұстану, фас - фуд өнімдерін тұтынғанда ағзаға қандай зиян келтіретіндігі айтылды. Оқушылар газдалған сусындар мен  денсаулыққа пайдасы жоқ өнімдерді тұтұнуға болмайтынын түсінді.