"Дарынды балаларға-талантты ұстаз"
07-03-2024 21:37
2024 жылғы 4-6 наурыз аралығында Алматы қаласында "Дарынды балаларға-талантты ұстаз" атты республикалық педагогикалық олимпиада өтті.
Педагогикалық олимпиаданың негізгі мақсаты жас педагогтардың шығармашылық әлеуетін дамыту және өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай жасау; жас мұғалімдердің білім беру жүйесін жетілдіруге белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру болып табылады.
TED форматында ұсынылған "Педагогикалық идеялар" аясында жас педагогтар өздерінің негізгі жұмыс жүйесін, Кәсіби құзыреттілік деңгейін, технологиялық және коммуникативтік мәдениетін, сабақ эстетикасы мен оқу процесін талдай білуді пысықтады.
Олимпиада қорытындысы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен  Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ  биология  пәнінің мұғалімі Караталова Зарина Сериковна  марапатталды.
Құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!