Математикалық сауаттылық апталығы
04-03-2024 13:45

12.02.24 жылы мектебімізде математикалық сауаттылық апталығы аясында мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық қабілеттері мен түсініктерін дамыту және балалардың математикаға танымдық қызығушылығын арттыру мақсатында апталықтың ашылу салтанаты өтті. Мектепалды даярлық тобының сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Ойын-сауық ертегі патшалығындағы математика» атты іс-шара өткізілді.
Осы іс-шара барысында мектепалды даярлық тобының оқушылары топ жетекшілері және музыка пәні мұғалімі Д.Сәрсембекованың музыкалық сүйемелдеуі арқылы онға дейінгі сандарды жатқа айтты.Осы іс-шараға оқушылар өте қызығушылықпен қатысып, математикалық сауаттарын аша түсті.