математикалық сауаттылық апталығы
04-03-2024 09:36

15.02.24 жылы мектебімізде математикалық сауаттылық апталығы аясында мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық шығармашылық қабілеттерін ашу және балалардың логикалық ойлауларын дамыту мақсатында апталықтың 4-күні «Мақта қыз балаларда қонақта» тақырыбында ойын сауық ұйымдастырылды.
Мектепалды даярлық тобының жетекшілері П.Алгадаева оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің желісі бойынша шағын қойылым қойды. Оқушылар ертегі желісі бойынша қойылған шағын қойылымға қызығушылықпен қатысты А.Жамбосынова оқушылардың геометриялық пішіндерді таныту мақсатында «Геометриялық пейзаж» шығармашылық іс-әрекет өткізді.
Оқушылар берілген тапсырмаларды орындап, геметриялық пішіндерді өз қалаулары бойынша әр түрлі түске бояп,үзік сызықтар арқылы және пішіндердің бейнесін шығарды.
Осы апталықтың жоспары аясында «Үйдегі көңілді математика» тақырыбында оқушылар үйге берлілген тапсырмаларды ата-аналарымен бірлесе орындады.