«Қазақстан-туған жерім,туған елім»
20-10-2023 16:56
19.10.2023  жылы мектебімізде 25 қазан Республика күніне орай «Мәңгілік жаса,қыран елім Қазақстаным» атты  онкүндік іс-шаралар аясында, оқушылар бойына туған елге, Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту, ата-бабадан келе жатқан ұлттық қолөнерімізді дәріптеу және егеменді еліміздің  өткен тарихын ұмытпай  құрметтеуге  тәрбиелеу мақсатында   көркем еңбек пәні мұғалімі А.А.Жексембаева мен кітапханашы З.Н.Шайбекова «Қазақстан-туған жерім,туған елім»  атты қолөнер және кітап көрмесін ұйымдастырды.
   Осы іс-шарада көркем еңбек пәні мұғалімі А.А.Жексембаеваның жетекшілік етуімен оқушылардың  жасаған ұлттық қолөнер туындылары мен Қазақстан Республикасы  күніне орай  арнап салынған  суреттер көрмесі қойылды..
Кітапханашы З.Н.Шайбекова оқушыларға туған өлкеміз Қазақстанның  кең байтақ жеріміздегі  әсем табиғатын  және ата-бабамыздан келе жатқан әдет-ғұрып, дәстүрлерімізді насихаттай отыра,  кітап көрмесіндегі Қазақстанның табиғаты және салт-дәстүрлерінен сыр шертетін қызықты энциклопедиялармен таныстырып өтті.