«Жыл мұғалімі– 2024»
02-10-2023 23:43
Балқаш қаласы «Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Жыл мұғалімі– 2024» байқауының мектепішілік кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты-шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты, ой-өрісі биік, парасатты, өзіндік жаңашыл идеясы бар, ғылыми-әдістемелік шеберлігі қалыптасқан, педагогикалық мәдениеті жоғары, жан-жақты дамыған мұғалім мәртебесін көтеретін ерекше тұлғаны анықтау. Дәстүрге айналған конкурс ұстаздарды кәсіби тұрғыда дамуға және шығармашылық ізденістерін арттыруға ынталандырады. Биылғы байқауға бес мұғалім қатысып, ашық сабақтар мен сынып сағаттарын өткізді. Байқаудың  соңғы бөлімінде ұстаздар «Таныстыру», «Өз өнері» және «ПедагогиКалық жағдаяттар» сайыстары бойынша кәсіби және шығармашылық қабілеттерін ортаға салды.
          Қазылар алқасының шешімі бойынша «Жыл ұстазы -2024» байқауының бас жүлде иегері болып ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Балықбаева танылды. Байқау өте тартысты болды. Қатысушылардың барлығы тәжірибелі мұғалімдеі. Үнемі қолдау көрсетіп, көмек қолын созатын әдістемелік бірлестіктері қатысушылардың жанынан табылды. 
Байқауға қатысқан денешынықтыру пәнінің мұғалімі А.Көшкінбаев, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Манаева, бастауыш сынып мұғалімі А.Төлеу, математика пәнінің мұғалімі К.Аманжолова сабақ беруде  кәсіби шеберліктерін, кәсіби өсулерін көрсете алды.