Әдістемелік құжаттарды талдау туралы отырыс
25-09-2023 20:55

2023 жылдың 19-қыркүйегі күні 2023-2024 оқу жылында  еңбек жолын бастаған жас мамандармен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Жетписбаева оқу-әдістемелік құжаттарды талдау туралы отырыс өткізді. Сабақ өту барысындағы сақталуға тиісті ұйымдастыру жұмыстарынан бастап, сабақты қорытындылау кезеңіне дейінгі барлық әрекеттерді дұрыс жоспарлау арқылы көздеген мақсатқа қол жеткізуге болатынын түсіндірді. Сабақ жоспарын жоспарлауда басшылыққа алынатын ережелермен, заңдармен таныстырып бағыт бағдар көрсетті. Мұғалімнің сабақты талдауға қойылатын негізгі талаптары бойынша пікір алмасты.