«Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ – нің асханасында тамақтандыру жұмысының ұйымдастырылуына жоспарлы бақылау жүргізілді.
26-04-2023 23:41
2023 жылдың сәуір айының 25 күні Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ – нің асханасында тамақтандыру жұмысының ұйымдастырылуына жоспарлы бақылау жүргізілді. 
Бақылау барысында:
Келіп түсетін тамақ өнімдерінің сапасы;
Отандық тауар өндірушілердің тамақ өнімдеріне СТ-KZ  сертификаттардың болу;
Дайындалған тағамдардың сапасы;
Технологиялық жабдықтардың болуы және жарамдылығы;
Азық түліктердің, дайын тағамдардың сақталуы және жеткізу мерзімдері мен шарттарының сақталуы;
Ас мәзірінің сәйкестігі.
Санитарлық жағдайы.
Бақылау барысында  асхана  қызметкерлерінің санитарлық  талапқа  сай  жұмыс  атқарып  отырғандығы  және азық-түлікті пайдалану мерзімінің, ас мәзірінің мәзірге сәйкестігі талапқа сай екендігі анықталды.