«Діни ағымдарға қарсы іс-қимылдар»
26-04-2023 23:28

24 сәуір күні  Балқаш қаласы полиция бөлімінің экстремизмге қарсы іс қимыл бөлімінің аға жедел уәкілі Қожахмет Данияр Айбарулы және кәмелетке толмағандар істер жөніндегі инспекторы Байбусинова Диана Онайбаевнаның қатысуымен «Діни ағымдарға қарсы іс-қимылдар» терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу тақырыбында отырыс болып өтті.    Оқушыларға діни экстремизм, ланкестік ұйымдардан сақтану туралы сөз қозғалып түсіндірілді. Сонымен қатар 274 бап - «Көрінеу жалған ақпарат тарату» осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтіруге немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер – бес мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатыны ескертіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мақсаты: Діни экстремизмнің қалыптасу жолдары мен қоғамға тигізер ықпалын анықтау.

Міндеті: Қоғамдағы діни экстремизмнің жеке мүдделік бағыт – бағдарымен негізгі мақсатын түйсіну. Одан оқушыларды сақтанудың жолдарын алдын ала ұйымдастыру жақтарын қарастыру.

Ұйымдастырушы: әлеуметтік педагог А.С.Касенова