Онлайн режимде облыстық жалпы ата-аналар жиналысы
19-04-2023 23:48
2023-жылдың  31-наурызы  күні  облыстық білім басқармасы басшысының басқаруымен  онлайн режимде облыстық жалпы ата-аналар жиналысы  өтті. Күн тәртібінде: 
 1.  Бірінші сыныпқа қабылдау туралы;
 2.  Қаңғыбас иттерді аулауды ұйымдастыру, зарарсыздандырум  мәселелері туралы; 
 3.  Қауіпсіз интернет. Ата-аналарға арналған кеңестер.
 4.  Балаңызды жоғалтып алмау үшін  не істеу қажет. Баланың жеке басының мүддесі үшін отбасы мен мектептің серіктестігі туралы. 
   Жалпы  ата-аналар жиналысына мектебімізден  барлығы 120 ата-ана қатысты. Қамқоршылық кеңесінен 6 мүше қатысты. Ата-аналар  өздеріне қажетті көптеген ақпараттар алып, сұрақтарға  нақты жауап алды.