Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ҚР Заңы
02-04-2023 15:27

 

      Жемқорлық мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттері

        Сыбайлас жемқорлық ежелден келе жатқан құбылыс. Тіпті жер бетіне адам пайда болғаннан бері келе жатқан құбылыс болуы мүмкін. Әрине, тарихи процесс барысында жемқорлық түрлері өзгеріп келеді. Қазіргі таңда жемқорлықтың жалпылама белгілері: лауазымды адамның өзге адамның пайдасына шешілген әрекеті үшін ақшалай, бағалы қағаз немесе мүлік ретінде алған парасы, лауазымды адамның қызметін пайдаланып туысын, жақынын қарамағына жұмысқа алу, мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражаттың бір бөлігін өз қалтасына салу, мемлекеттің мүлкін талан-таражға салу

Мемлекетте жемқорлықтың бел алуы көлеңкелі экономиканың пайда болып, экономикалық өсу қарқынының тежелуіне және әлеуметтік , саяси шиеленістердің күрт асқынуына ұрындырады.

  Жемқорлық жасалау түріне қарай екіге бөлінеді: жекелеген  лауазымды қызметкерлер жасаған қылмыстық ісәрекет, және бірнеше лауазымды қызметкерлер бірігіп жасаған қылмыстық іс-әреккет (сыбайлас жемқорлық)

1989 жылы әлемнің дамыған 37 мемлекеті халықаралық бизнестегі жемқорлыққа қарсы күресу туралы конвенцияға қол қойды.   Осы конвенцияға қосыла отырып, Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы алғашқы Заң 1998 жылы шықты. Ол заң ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» Заңы деп аталды. 17 жылдан соң 2015 жылы екінші Заң қабылданды. Ол «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңы деп аталды. Ол 5 тарау, 27 баптан тұрады. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңының
2 тарау 9-бап «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру»

  ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 2-тарау 9-бабында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі» -дейді.

  Ол білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дегеніміз – бұл адамның саналы түрде және адамгершілік қасиетімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, пара сұрамау, пара бермеу, мемлекеттің мүлкіне қол сұқпауы.

  Қоғамда адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілетін қалыптастыру өте  маңызды.

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды  қоғамның барлық азаматтар  игеруі тиіс.

 Қоғамда  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті  қалыптастыру мынаны көздейді:

-адамгершілік, этикалық мәдениетті тәрбиелеу;

-құқықтық сауаттылық;

-қоғамда адамдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға  ынталандыру;

-мүдделер қақтығысының барлық көріністеріне қарсы болу.

 

Қорытындыда,сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің деңгейі жоғары болса,азаматтар  қоғамда  сыбайлас жемқорлықтың тұрақсыз екенін  сезінетін дәрежеде болады.

  Сыбайлас-жемқорлықты қалай жоюға болады?

1.Пара бермеу және алмау.

2.Мақсаты нәтижелерге жету үшін,  өз мүмкіншілігіңмен жетуге тырыс.

3.Парақорлықты көрсеңіз жергілікті органдарға және ақпарат көздеріне хабар беріңіздер.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың нәтижесінде қоғамда бірлік, әдеп, игі адами қарым-қатынас пен ұйымшылдық сақталады .

  Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда. Еліміздің өркениетін дамытқысы келетін, өз ортасын құрметтейтін әрбір азамат мемлекеттің ішіндегі тәртіпті белгілі бір жүйеге  келтіруге, ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі және оның алдындағы басты парызы. Қоғаммен бірге өркендеп, етек жайып, етене сіңісіп келе жатқан бұл кеселдің тереңнен құлаш жаймауына өз үлесімізді қосу және оған тосқауыл болу-біздің басты міндетіміз.

 

Қаулы:

1.Сыбайлас жемқорлықа қарсы  іс-қимыл әрекет Заңы туралы  ұжымға таныстырылып,орындалысы Мырзабаеваға тапсырылсын.