«Алғыс айту, парызым!»
15-03-2023 08:54
2023 жылдың   27-ақпаны күні  Алғыс айту күніне арналған «Алғыс айту, парызым!» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. 
Мақсаты: «Алғыс айту», «сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. «Ғажайып алаң» ойынын ойнату.
        Міндеттері: - үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру; - сыйластықты қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту, - үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу;
 Алғыс-адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.