Ата-аналар жиналысы
19-02-2023 16:58

2023 жылдың  17-ақпаны күні мектебімізде жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа СПИД центр орталығының  эпидемиологиялық дәрігері  Батырбекова А.А., №1 поликлиниканың психологы Сералықызы А.,   кәмелетке толмағандаржөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция  аға лейтенанты  Нұрбек А.С., және мектеп психологы Абдуалиева З.Н. қатысты. Күн тәртібінде: 1.Нашақорлықтың алдын алу; 2. Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық    жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық;  3.  Электронды сигареттің бала денсаулығына   зияны туралы; 4.  Буллинг және оның алдын алу мәселелері қаралды.  Жиналысқа барлығы 92 ата-ана қатысты. Барлық мәселелер бойынша ата-аналарға толық түсініктеме берілді.