«Ауған қасіреті» атты танымдық сағат
15-02-2023 23:14

 Бауыржан Момышұлы атындағы  жалпы білім беретін мектеп кітапханасында өткен «Ауған қасіреті» атты танымдық сағат

          13.02.2023ж мектеп кітапханашысы оқушыларға Ауған оқиғасының тарихи мағынасын аша отырып,  Ауған соғысы туралы толық мағлұматтар беріп, Ауғанстан жерінде Кеңес Одағы армиясының құрамында болған Қазақстандық  аға-апаларымыздың ерлігін мақтаныш ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу мақсатында 9Ә жас сарбаз сыныбына  «Ауған қасіреті» атты танымдық сағат ұйымдастырды.

Кітапханашы З.Шайбекова Ауған соғысының қасіретті тарихи жылдарынан сыр шертетін мәліметтерді видио ролик арқылы көрсете отырып, оқушыларға Ауған соғысы кезінде от кешкен батырларымыз туралы айтып өтті. Сонымен қатар Ауған соғысында от кешкен жауынгерлердің ерен ерліктерін  суреттейтін  «Ауғанның от жалыны», «Екі ғасырдың батырлары», «Қанды көйлек қарулас», «Жартасты жастанған жасақ» тағы басқа кітаптармен таныстырып, оқушыларға  осы кітаптарды оқуға кюар  код нұсқасын ұсынды.