«Цифрлық әлем»
10-02-2023 00:26
«Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылық апталығының жоспары бойынша 8 ақпан күні мектеп психологтары З.Н.Абдуалиева мен А.С.Ахаеваның  ұйымдастыруымен 5-11 сыныптар арасында «Әлеуметтік желілерде қандай проблемалар болуы мүмкін» тақырыбында  әңгіме  жүргізілді.
   Мақсаты:Әлеуметтік желінің пайдалы және зиянды жақтарын ажырата білуге және оны тиімді пайдалану жолдарын анықтау. Оқушылардың әлеуметтік желілерді сапалы пайдалануға бағыт беру. 
  Бүгінде Қазақстан қоғамында білімді ақпараттандыру ісі қарқынды жүріп жатыр. Компьютерді және басқа да ақпараттық технологияларды пайдалану дағдысын меңгеру қазіргі өмірдің ажырамас бөлігі болып тұр. Сондықтан, жасөспірім балалар компьютер алдында қанша уақыт отыру қажет? адамға компьютердің қандай зиянды әсері бар? компьютерді шамадан тыс қолданудан қандай зиян тудыруы мүмкін? сияқты т.б ақпараттар беріп өтті. Ғаламтордың шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер бере отырып, зиянды тұстарының да бар екені айтылды. Зиянды бағдарламалардың көптігі арқылы виртуальды әлемге қызықтырып, ғаламторға тәуелділікке әкеліп соқтыратыны ескертілді. Оқушылар әлеуметтік желінің пайдалы және зиянды тұстарын ажырата отырып, талдады. Соңынан оқушыларға сұрақтар қойылып, пікірлері тыңдалды.