Құқықбұзушылық алдын - алу
18-01-2023 09:54

Қарағанды облысы білім басқармасы Балқаш қаласы білім бөлімінің  «Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мекткбі» КММ                           17 қаңтар күні – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша 8 – 11 сынып оқушылар арасында «Қоғам және заң» атты дәріс ұйымдастырылды.

        Күн тәртібінде «Кәмелетке толмағандардың түңде жүруі туралы» және «Сабақты себепсіз босатқан жағдайда?» тақырыбында өзекті мәселерге тоқталып, Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жасөспірімдерді қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларды білу керектігі айтылды.          

       Мақсаты: білім алушыларға қылмыстың – қоғамға қауіпті әрекет, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмысы, қылмыстық жауапкершілік, құқықтық сауаттылығын арттыру, салауаттылыққа  тәрбиелеп, өз әрекеттеріне баға бере білуге баулу.

Ұйымдастырушы: Әлеуметтік педагог  А.С.Касенова