Республикалық Ұлттық пікірсайыс турнирінің мектепішілік кезеңі
14-01-2023 22:54

13.01.2023ж. күні біздің мектебімізде «Өркен» клубының ұйымдастырумен Республикалық Ұлттық пікірсайыс турнирінің мектепішілік кезеңі өтті. Пікірсайыс ауа-райының қолайсыздығына байланысты онлайн форматта өткізілді. Турнир АПФ форматында өтті. Жалпы аталмыш мектеп дебат клубынан 4 команда қатысты.  Турнир қорытындысы бойынша  «Өркен» командасы  жеңіске жетіп, қалалық турнирге жолдама алды.