«Жол ережесін сақтау қауіпсіздік кепілі»
21-10-2022 16:59
«Жол ережесін сақтау қауіпсіздік кепілі»  тақырыбындағы сынып сағаттары
«Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-сінде 2022 жылдың 22-қазан күні 1-4 сыныптар арасында «Жол ережесін сақта!» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді.  Сынып сағатында оқушыларға «Үйге апарар жол»   маршрут кестесін сурет ретінде салу ұсынылды.  Оқушылар өз   туындыларын қорғап, ойларын ортаға салды. Сынып сағаты барысында оқушыларға «Жол қауіпсіздігі» тақырыбында бейнефильмдер көрсетілді.