“Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі”
13-09-2022 10:38
09.09.2022 жылы Қарағанды облысы білім басқармасының, Балқаш қаласы білім бөлімінің “Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі” Коммуналдық мемлеткеттік мекемесінде Тілдер апталығына орай ұйымдастырылған “Ахмет – Ұлт ұстазы” телехикаясын көріп, негізі бойынша пікіралмасу (дискуссия) өткізілді. Пікірталасқа 9 “А” сынып оқушылары қатысты. Ахмет Байтұрсынұлының құрметіне түсірілген телехикаяның үзіндісі көрсетіліп, оқушылармен дөңгелек үстелде пікірталас жүргізілді. Оқушыларға Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен істері жайлы және телехикаяға байланысты сұрақтар қойылып, ұтымды жауаптар алынды. Пікірталасқа белсене қатысқан 9А сынып оқушылары: Абдилдақызы Қарақат, Балтажан Нұрай, Балгымбекова Назерке, Алтынбеков Максат, Жексембай Даяна, Қыдырбаева Анель, Серікова Ділназ. 
 
Өткізген мұғалімдер: Балыкбаева А.О., Асемханова А.Б.