«Тіл – кемел болашақтың тұғыры»
09-09-2022 09:54
Тілдің мәртебесі – елдің мерейі. Оның мерейін асқақтататын да, құтын қашыратын да мына өзіміз! Тіл отбасынан басталып, Отан аясында дамиды. 
Сол себепті 05.09.2022 күні тілімізді асқақтату мақсатында келіп жеткен тіл мерекесіне арналған «Тіл – кемел болашақтың тұғыры» атты декаданы салтанатты жиынмен ашылды. Мектебіміздің директоры А. Т. Абдуалиеваның алғы сөзінен бастау алған салтанатты жиын мектеп оқушыларының тіл туралы жалынды сөздері мен рухты өлеңдерімен жалғасын тапты. Салтанатты жиын көрермен болып қатысқан оқушылар мен ұстаздар жүрегіне тілімізге деген мақтаныш сезімін ұялата алды деп сенеміз!