Размер шрифта:
«Мектепке жарылғыш зат қойылған жағдайда» тақырыбында төтенше жағдайлар оқу-жаттығуы
08-06-2022 00:26

Өндіріс зауытында авариялық жағдай орын алғанда (аммиак улағыш зат ауаға тарағанда) эвакуациялық оқу-жаттығу бойынша Балқаш қаласы білім бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы ЖББ мектебі» КММ-де 2022 жыл маусымның 07 күні оқу жаттығуы өткізілді.

          Оқу мақсаты :

          жалпы – оқу орнынының өндірісте ҚӘУЗ-ді пайдаланатын химиялық қауіпті объектідегі авария кезінде АҚ шараларын орындауға даярлығын тексеру;

          басшы, оқытушы құрамдар үшін - өндірісте ҚӘУЗ-ді пайдаланатын химиялық қауіпті объектідегі авария кезінде АҚ шараларын ұйымдастыру мен өткізуге  практикалық дағдыларды қалыптастыру;

          оқушылар үшін - өндірісте ҚӘУЗ-ді пайдаланатын химиялық қауіпті объектідегі  авария кезінде сауатты іс-әрекеттер мен өзін-өзі дұрыс ұстау дағдыларын қалыптастыру.

          Жаттығуға қатысушылар :

  • 4 адам басшы құрам ;
  • 28 адам оқытушылар құрамы;
  • 212 оқушылар.
  • 11 кіші қызметкерлер.

Өткізілетін жер: Балқаш қаласы білім бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы ЖББ мектебі» КММ-і.

Жаттығу кезіндегі практикалық іс-әрекеттер:

- жұмыс және жұмыстан тыс уақыттағы хабарландыру сызбасы , ғимараттың эвакуациялық жоспары тексерілді;

- Сынып жетекшілері ас содасының 2% ерітіндісін даярлады (1 стақан суға 1,5-2 шай қасық ас содасы), сіңірілуін ұйымдастырды және оқушылардың мақта-дәке таңғышын дұрыс киюін бақылады, оқушыларды белгіленген бағыты  бойынша мектептен ұйымшылдықпен шығарды және оларды қауіпсіз аймаққа алып барды, сол жерде  зақымдалушыларға алғашқы  дәрігерлік көмек көрсетті.

ҚОРЫТЫНДЫ:Балқаш қаласы білім бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы ЖББ мектебі» КММ-і төтенше жағдайлар кезіндегі әрекетке ДАЙЫН.

Балқаш қаласы білім бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы ЖББ мектебі» КММ-де 2021 жыл маусымның 06 күні «Мектепке жарылғыш зат қойылған жағдайда» тақырыбында төтенше жағдайлар оқу-жаттығуы өткізілді. Мектептің КҮЗЕТ қызметкері күдікті затты табылғаннан соң, оны қоршап, дереу директорға хабар беріп, «Дабыл» тетіктерін басып. «Дабыл» дыбысын естісімен кезекші мұғалім дереу хабарлау торабына барып «БАРШАҢА! БАРШАҢА! БАРШАҢА! Мектепке жарылғыш зат қойылды, дереу далаға шығыңыздар!» деп хабар берді.Барлық мұғалімдер, оқушылар, қызметкерлер эвауация сызбасы бойынша мектепті тастап шығып, мектептің артқы жағына жиналып, эвакуация комиссиясы түгендеу жұмысын жүргізіп, директорға баяндама жасалынды. Оқу-жаттығуға 5-басшылық құрам, 205- жазғы мектеп оқушылары, 28- лагерь оқушылары, 41- мұғалім, 11- қызметкерлер, 6- студенттер қатысты.

ҚОРЫТЫНДЫ: Балқаш қаласы білім бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы ЖББ мектебі» КММ-і «Мектепке жарылғыш зат қойылған жағдайда» тақырыбында төтенше жағдайлар әрекетіне ДАЙЫН.