«Мектепке жарылғыш зат қойылған жағдайда» тақырыбында төтенше жағдайлар оқу-жаттығуы
08-06-2022 00:23

          Балқаш қаласы білім бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы ЖББ мектебі» КММ-де 2021 жыл маусымның 06 күні «Мектепке жарылғыш зат қойылған жағдайда» тақырыбында төтенше жағдайлар оқу-жаттығуы өткізілді. Мектептің КҮЗЕТ қызметкері күдікті затты табылғаннан соң, оны қоршап, дереу директорға хабар беріп, «Дабыл» тетіктерін басып. «Дабыл» дыбысын естісімен кезекші мұғалім дереу хабарлау торабына барып «БАРШАҢА! БАРШАҢА! БАРШАҢА! Мектепке жарылғыш зат қойылды, дереу далаға шығыңыздар!» деп хабар берді.Барлық мұғалімдер, оқушылар, қызметкерлер эвауация сызбасы бойынша мектепті тастап шығып, мектептің артқы жағына жиналып, эвакуация комиссиясы түгендеу жұмысын жүргізіп, директорға баяндама жасалынды. Оқу-жаттығуға 5-басшылық құрам, 205- жазғы мектеп оқушылары, 28- лагерь оқушылары, 41- мұғалім, 11- қызметкерлер, 6- студенттер қатысты.

ҚОРЫТЫНДЫ: Балқаш қаласы білім бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы ЖББ мектебі» КММ-і «Мектепке жарылғыш зат қойылған жағдайда» тақырыбында төтенше жағдайлар әрекетіне ДАЙЫН.