«Мектепке террорлық шабуыл жасалды» тақырыбында төтенше жағдайлар
08-06-2022 00:21

Балқаш қаласы білім бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы ЖББ мектебі» КММ-де 2021 жыл маусымның 1 күні «Мектепке террорлық шабуыл жасалды» тақырыбында төтенше жағдайлар оқу-жаттығуы өткізілді. Қару ұстаған күдікті адамды бейне бақылаудан көрген КҮЗЕТ қызметкері дереу «Дабыл» тетіктерін басып, директорға хабар берді. «Дабыл» дыбысын естісімен кезекші мұғалім дереу хабарлау торабына барып «БАРШАҢА!, БАРШАҢА!, БАРШАҢА!, мектепке террорлық шабуыл жасалды, есіктерді іштен жауып, баррикада парталармен жасап, жасырынып отырыңыздар» деп хабар берді.

Барлық мұғалімдер, оқушылар, қызметкерлер бөлмелерде баррикада жасап тыныштық сақтап отырды.

         Оқу-жаттығуға 239- жазғы мектеп оқушылары, 50- лагерь оқушылары,

32- мұғалім, 14- қызметкерлер, 6- студенттер қатысты.

ҚОРЫТЫНДЫ: Балқаш қаласы білім бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы ЖББ мектебі»  «Мектепке террорлық шабуыл жасалды» тақырыбында төтенше жағдайлар әрекетіне ДАЙЫН.