Сынып сағаты
26-04-2022 08:43

    25.04.22 күні Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде 1-11 сыныптар арасында 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған  «Ынтымағы жарасқан көпұлтты Қазақстан» атты сынып сағаттары өткізілді.

     Мақсаты:Оқушылардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.

Бірлік – халық салты. Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен ұласады.

Қазақстан Республикасын мекен еткен  ұлт өкілдері күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғаны мен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді.