Тәрбие сағаты
01-04-2022 09:18
18.03.2022 жылы мектеп кітапханашысы З.Шайбекова мен қазақ әдебиеті мұғалімі А.Манаеваның ұйымдастыруымен жазушысы Ғ.Мүсіреповтың туғанына 120 жыл толуына орай оқушыларды көркем әдебиетке қызығушылықтарын арттыру,жазушының өмірбаяны және шығармаларымен таныстыра отырып, әңгімедегі ана бейнесін ашу, өмірдегі ең жақын да қымбат адам анаға тағзым ете білуге, сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында «Ұлы аналар бейнесі» атты тәрбие сағаты өтті.
А.Манаева жазушының ана тақырыбындағы барлық шығармаларына шолу жасап, «Ұлпан » романына тоқталып өтті.Осы романдағы Ұлпан ананың бойындағы жақсы қасиеттерді дәріптей отырып, Ұлпан ананың өжет мінезі,еліне сіңген ерен еңбегі, ақылды жомарттығының арқасында ел анасы атанып өз заманында оқшау шыққан адам екенін көрсете білді.
Шара соңында кітапханашы З.Шайбекова оқушыларды жазушының шығармаларын оқуға шақырды.