«Менің өлкемнің тарихы»
13-12-2021 19:48
8 желтоқсан күні  Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Тарих толқынында» атты тарихи сауаттылық апталғында 6-7 сыныптар арасында «Менің өлкемнің тарихы» зияткерлік сайысы өтті. Әр сыныптан құралған «Алғырлар» мен «Білімділер » тобы өз білімдерін ортаға салды. Сайыс екі кезеңнен тұрды. Оқушылар өз ойларын шапшаң,тұжырымды, жинақы әрі ашық айтуға ұмтылды.Сайысқа қатысқан топар жоғарғы дәрежеде білім көрсетті. Алғырлар тобы көп ұпай жинап І орын алды. Мақтау қағазымен марапатталды.
 Жетекшілері: Тарих пәні мұғалімі Бакирова Г.М.
География пәні мұғалімі Бакишева А.М .