«Қамқорлық»
28-11-2021 20:29

Мектеп парламенттінің «Қамқорлық» фракциясының мүшелері қамқоршылық кеңесі және әлеуметтік педагог қатысуымен мектеп асханасының жағдайын тексерді. Акция барысында төмендегідей мәселелер қарастырылды: ас мәзірімен танысу , ондағы санитарлық нормалар мен ережелерді сақтау, дайын өнімнің сапасы, асхана тазалығы мен пайдаланылған ыдыстардың жуу орындарын және олардың дезенфекциялық құралдардың болуын тексерді. Асхана толық ас мәзірі арқылы жұмыс атқарды.Ыстық тамақ ас мәзірі бойынша беріледі.Тексеріс барысында талапқа сай ас мәзірі берілді. Дастархан оқушыларға толықтай жайылған, стандарт талаптарын сақтай отырып қызмет көрсететіні анықталды.