Пфайзер вакцинасы
18-11-2021 21:46
2021-2022 оқу жылының  қараша  айының 17-сі  күні  7-11 сынып оқушыларының ата-аналары арасында онлаин жиналыс өткізілді. Күн тәртібінде қаралған мәселе 12-17 жас аралығындағы балаларға  салынатын Пфайзер вакцинасы туралы.  
           Қазіргі кездегі  білім беру мекемелерінің  алдында тұрған міндеттердің бірі оқушыға терең білім мен тәрбие беруде оның денсаулығын сақтай отырып, дені сау, қабілетті тұлға қалыптастыру болып отыр. Қазіргі таңда өкінішке орай пандемия әлі де жалғасуда. 
      Жиналысқа №1 поликлиника қызметкері,  алдын алу  бөлімінің меңгерушісі  Омаров Виталий Александрович қатысты. Виталий Александровия ата-аналарға Пфайзер вакцинасы туралы толық  ақпарат берді. COVID-19-ға қарсы Pfizer екпесінің тиімділігін анықтау кезінде оның вирус¬тан 95 пайыз қорғайтыны белгілі болды.   COVID-19-ға қарсы Pfizer екпесінде иммундық реакция тудыратын ақпараттық рибонуклеин қышқылы (иРНҚ) қолданылады. Ол болашақта организмді инфекцияның жұғуынан қорғайды. ДДҰ осы вакцинаның сапасы, қауіпсіздігі және тиімділігі туралы деректерді мұқият тексерді. Сондай-ақ,16 жастан асқан адамдарға қолдануға рұқсат берілгендігі туралы айтты. 
  Ата-аналардың қойған сұрақтарына толық жауап берілді.