17.11.2021ж мектеп ұжымымен «Ұстаздың кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық әдеп» тақырыбында жиналыс өтті.
Мектеп директоры А.Т.Токейбекова Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы 2007 жылы 27 шілде №319 негізінде 51-бап бойынша
Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі және педагогтік әдеп нормаларын сақтауға жәнепедагогикалық іс-әрекеттің нәтижесі үшін атқарылатын кәсіптік жауапкершіліктің көрсеткіштері,педагогтың бойында болу керек қасиеттер туралы мағұлмат берді.с.қ
Педагогикалық этикада ұстаздың адамгершілік қасиеттері қоғамдық құндылыққа айналады, бұл қасиеттерсіз мұғалімнің басқа да кәсіби қасиеттері, зияткерлік және психологиялық қасиеттермен бірге жауапкершілік, абырой, әділеттілік, шынайылылық, ар-ұят, қарапайымдылық сияқты қасиеттер педагогикалық беделдің негізгі құрауыштары болып табылатындығы айтылды.
Егер кез келген мұғалім ынта-ықылас қойып, табандылық танытатын болса, өз бетімен көп еңбектенсе, идеялық жағынан сенімді, саяси жағынан есейген азамат болса, өз пәнін жақсы білсе, оқытудың әдістемесін меңгеріп, бала психологиясын жете білсе, педагогикалық техниканы қалыптастыра алса, педагогикалық шеберлікке жету қасиеттеріне ие бола отырып, педагогикалық кәсіпті меңгерсе, педагогикалық әдепті бойына сіңірсе, онда талантты, шебер ұстаз бола аладыдеп қорытынды жасалды