"Адал Ұрпақ" ерікті мектеп клубы
11-11-2021 17:52

"Адал Ұрпақ" ерікті мектеп клубының ұйымдастыруымен шара өтті.Аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты –оқушылар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды насихаттау мен «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбындағы плакаттың жасау арқылы ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Іс-шара барысында бейнелеген суреттерден бірқатар үздік плакаттар анықталып, алғыс хатпен марапатталды. Мектебіміздің оқушылары жаһандық індетпен күресу жолында өздерінің мүмкіндіктерін аяп қалмады. Адамға әртүрлі ой салатын суреттер салып алдағы уақытта кәдеге асып, еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың көрсеткішін төмендетуге ықпалын тигізеді деген ойдамыз.

Нет описания фото.