«Салауатты тамақтану»
01-11-2021 16:00
Күні:  11.10.2021 жыл
Тақырыбы: ««Салауатты тамақтану» 
Мақсаты: Оқушылардың жақсы денсаулығының, жан - жақты дамуының кепілдігі - тиімді және үйлесімді тамақтану болып саналатынын, «Салауатты өмір салтының» анықтамасын ата – аналармен, мектеп дәрігерімен, аспазшылармен бірлесе отырып тұжырымдау;
«Салауатты тамақтану»  атты апталық аясында  1 - 5 сыныптар арасында  тақырыптық  тәрбие сағаттары өтті.5 – сыныптар  « Тиімді тамақтану – денсаулық негізі», ал 1 – 4 сыныптар  « Дұрыс тамақтану – денсаулық негізі » деген тақырыпта өткізді.
Сынып жетекшілер оқушыларға дұрыс тамақтанудың ережелері мен қатар, дұрыс тамақтанудың өсіп келе жатқан баланың ағзасына әсерін айтып өтті. Және де дұрыс тамақтанбаудың адам ағзасына тигеізер кері әсерлері мен болатын аурулар туралы мәліметтер берілді.