Құрметті ата-аналар!
27-10-2021 11:28
                                                            Құрметті ата-аналар!
 
         27.11.2020.ж. Білім Басқармасы мен Қарағанды облысының ТЖ Департаментімен келісіліп бекітілген және Қарағанды облысының білім беру ұйымдарында қыс мезгілінде оқушылардың қауіпсіздігі  мен денсаулығын сақтау мақсатында келесі қолайсыз ауа-райы метеожағдайлары туындаған кезде сабақ тоқтатылады: 
0-4 сыныптарда:
    -Секундына 2 метр және одан да жоғары жылдамдықпен соққан желді, -25 градус  және одан да төмен градус Цельсий(ары қарай - ℃ ) бойынша аязда;
 -17 м/с және одан да жоғары соққан жел мен боранда;
-қатты көктайғақта,егер оқушының өмірі мен денсаулығына қауіп төнсе;
5 – 9сыныптарда:
-Секундына 2 метр және одан да жоғары жылдамдықпен соққан желді, 30 және одан да төмен градус аязда;
-20 м/с және одан да жоғары соққан жел мен боранда;
- қатты көктайғақта,егер оқушының өмірі мен денсаулығына қауіп төнсе;
 10 – 11сыныптарда:
-Секундына 2 метр және одан да жоғары жылдамдықпен соққан желді, 35℃ және одан да төмен градус аязда;
- 25 м/с және одан жоғары дауылды желде;
- қатты көктайғақта,егер оқушының өмірі мен денсаулығына қауіп төнсе;
Сабақтың тоқтатылатыны жөніндегі ақпарат білім бөлімі сайтында,ата-аналар мен оқушылар чатында,әлеуметтік желілерде берілетін болады:
-Сағат 6.45-тен 8.00-ге дейін бірінші ауысым үшін;
-Сағат 11.15-тен 13.00 дейін екінші ауысым үшін.
 Сабақ тоқтатылған күні мектепке келген оқушылар үшін  кестеге сәйкес сабақ толық көлемде өткізіледі.
Ескерту: Ұсынымдардағы қандай да бір өзгерістер туралы қосымша хабарланатын болады.
 
                                                                         «Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ