Мектебімізде мектеп президентінің сайлауы болып өтті.
13-09-2021 16:42
Мектебімізде  мектеп президентінің сайлауы болып өтті.
Мектепішілік сайлау комисиясында 14-үміткер тіркелді. Сайлауалды алғашқы күнінен бастап оқушылар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, оқушылардың дарындылығын арттыру, таланты мен креативтілігін дамытуға бағытталған жаңа жобалары мен идеяларынан арнайы бағдарлама дайындап, сайлаушыларға таныстырды. Үміткерлер болашақта мектеп өміріне түрлі бағыттағы қызықты іс-шараларды ұсынып, мазмұнды өткізу жолдарын дәлелдеді. Сайлау үрдісінің ашық және әділ өтуін өзін-өзі басқару кеңесінің мүшелерінен құралған арнайы бақылаушылар қамтамасыз етті. Дауыстарын арнайы онлайн-платформада электронды форматта беруге мүмкіндік алды.Сайлау қортындысы бойынша ең көп дауыс жинаған Құдайбергенова Надира мектеп президентті болып сайланды. Сайлауға қатысқан оқушылар 8 фракция бойынша тағайындалды:
Қамқорлық (Еріктілер) фракциясы- Үкібай Ақерке
Дебат фракциясы- Мүкәрам Инабат
Спорт және салауатты өмір салты фракциясы-Ғинаят Әділет
Өзін-өзі тану және Бақыт фракциясы- Балтажан Нұрай
Экология және Еңбек фракциясы- Абылханова Айдана
Мәдениет және Өнер фракциясы- Әбділдә Қарақат
Ақпарат фракциясы- Омарова Назерке
 
         Құқықтық және тәртіп фракциясы- Қыдырбаева Анель