Размер шрифта:
"Мен оқимын, сен де оқы!" READING TIME жобасы
27-12-2020 20:19
Мектебімізде оқушылардың оқу мәдениетін дамыту, функционалдық оқу сауаттылығын арттыру және қолдау, әр түрлі жанрдағы ұлттық және әлемдік шығармаларды кеңінен тарату мақсатында қалалық «Мен оқимын, сен де оқы!» READING TIME жобасы 28 қарашадан бастап, әр аптаның сенбі күні сағат 11.00-11.30-ға дейінгі аралықта мектеп оқушылары мен ата-аналары, мектеп қызметкерлері арасында ZOOM платформасы арқылы өткізіліп келеді.
Кітап оқу – бұл тек бос уақытты қызық өткізу ғана емес, тұлға болып қалыптасуға орасан зор көмегі тиетін өте пайдалы іс. Бұл жоба оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорларын молайтып, сөйлеу мәдениетін дамытып, ой-өрісін кеңейтіп, кітап оқу дағдысы мен кітап оқуға деген қызығушылықтарын оятары сөзсіз. Әр сенібі сайын мектебіміздің оқырмандар санының артып келе жатқаны байқалады. #Reading time #Ireadtoo,youreadtoo!
 
На изображении может находиться: 3 человека
На изображении может находиться: 5 человек
На изображении может находиться: 4 человека
На изображении может находиться: 1 человек
На изображении может находиться: 2 человека
На изображении может находиться: 2 человека