Тәуелсіздік-тұғырым
11-12-2020 10:41
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын Тәуелсіздік,
Ғасырдың тойы болшы келе берер!
Мектебімізде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі мерекесіне орай ,Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан-жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу. Өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, зиялы тұлғаларын тануға шақыру мақсатында «Тәуелсіздік-тұғырым» атты тарих пәнінің апталығының іс-шаралар жоспары құрылып, мереке қарсаңында мектеп оқушылары өздерінің құттықтау видеоларын ұсынуда.
Тәуелсіздігіміз қуатты, жастарымыз намысты, ұлдарымыз қайратты, қыздарымыз сымбатты да білімді болсын!