1-11- сыныптар арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған сынып сағаты
14-12-2020 10:05

        Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде 14- желтоқсан күні 1-11- сыныптар арасында  Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздік күніне  арналған  сынып сағаты өткізілді.

    Сынып жетекшілер оқушыларға қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар  бойы басынан өткен қиыншылықтарын айтып, осы қиын жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зиялыларына тоқталды. Тәуелсіз Қазақстанның 21 жыл ішіндегі қол жеткен жетістіктерімен де таныстырды.

       Тәрбие сағаттарында оқушыларды  қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге Қазақстанның келешегі үшін аянбай еңбек етуге шақырды.