Балаларды интернет қаупінен қорғайық!
19-11-2020 11:16

Қараша айының 17-сі күні «Балаларды интернет қаупінен қорғайық!» тақырыбында 6-11 сыныптар арасында ЗУМ платформасында сынып сағаттары және психолог Үмбет М.С кеңестер жүргізіп өтті. Балалар өз ойларын ортаға салып, интернеттің зияны мен пайдасы жайлы пікірлерін ортаға салды. Оқушылар ғаламтордың адам өміріндегі қажеттілігі мен зияны туралы пікір таластырып, өз ойларын қорғады. Өткізілген шара оқушыларды «қауіпсіз интернет» ұғымы туралы көптеген ақпаратпен танысып, ол туралы түсініктің қалыптасуына септігін тигізді.