Даярлық курсы
24-08-2020 14:08
Балқаш қаласы , ЖББ №8 орта мектебінің 1Б сыныбы
Даярлық курсы
1 Б сыныбында барлығы- 22 оқушы.
Сабақты «Zoom» платформасы арқылы өткіздім. Бүгінгі өткен сабағымыз: "Сөйлеуді дамыту" Сабақтың тақырыбы: "Сурет бойынша әңгіме құрастыру". Балаларға арналған көркем әдебиет шығармаларымен таныстыру арқылы ауызша байланыстырып сөйлеуді дамыту, балалардың сөздік қорын байыту. Бүгінгі сабақта балаларға әртүрлі жануарлардың, табиғаттың суреттері көрсетілді. Балалар суреттерге қарап 3-4 сөйлемнен тұратын әңгіме құрап, өз ойларын айтты. Үй жануарларына байланысты пайдалы мәлімет білді .
Сынып жетекшісі: Алгадаева Перизат