«САЯҚ КЕНТІ ЖББ №6 ОРТА МЕКТЕБІ» КММ 9,11 СЫНЫПТАР АРАСЫНДА КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ БОЙЫНША СЕМИНАРДЫҢ АҚПАРЫ
18-09-2019 11:52

Мектебімізде 9,11 сыныптарға арналып кәсіптік бағдар беру бойынша семинар өткізілді.

Семинардың басты мақсаты:Мамандық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.Мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға,еңбек қуанышын сезінуге,өзінің қабілетін тануға жетелеу.Еңбекқорлыққа,еңбекті қадірлей білуге,табысты болуға тәрбиелеу.

       Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандық бар.Ең бастысы-адам еңбекке қабілетті,зейінді болуы қажет және оның мамандығы өскен ортаға маңызды,бағалы үлес қоса алатындай болуы шарт.

 

      Мамандық таңдауда қойылатын талаптар: Белсенділік әлеуметтік жауапкершілік жоғары ой-өріс, терең білімділік, кәсіби сауаттылық.Оқушылардың болашақта мамандық таңдауына ықпал ететін бірден бір ол ата-анасы,қоршаған ортасы және мектептегі ұстазы. Семинар барысынада Қазақстандағы ең көп сұранысқа ие мамандықтар көрсетілді. Әр мамандықтың өз ерекшеліктерімен оқушылар таныстырылды. Оқушылардың қолдарына ЖОО және  колледждердің ақпараттық қағаздары таратылып берілді.Мандықтарға байланысты видеороликтер корсетілді.Семинар барысында әр түрлі ойындар ойнатылды. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп. Ойларымен бөлісу барысында оқушылардың көбісі дәрігер,инженер,архитектор, IT(программист) мамндықтары қызықтыратындығын айтты.Семинар соңында оқушылар бір-біріне тілектерін айту арқылы қорытынды жасалынды.