Орта мектеп оқушылары Жазғы мектеп сабақтарына белсенді қатысады

Дата: 2022-05-27 15:55:57
Орта мектеп оқушылары Жазғы мектеп сабақтарына белсенді қатысады

 27 мамыр күні 7-сынып оқушыларымен "Уақыт - ұлы күш" атты танымдық сабағы өтті. Сабақ барысында оқушылар ұлы ақын Абай Құнанбайұлының "Сағаттың шықылдағы емес ермек ..." өлеңін тыңдап, оқулықпен жұмыс жасады. "Достық картасы" ойыны арқылы уақытты бағалау керектігін де атап өтті. Жарайсыңдар, балалар !  6 - сынып " Мұхтар Әуезов - қазақтың ұлы жазушысы " атты визуалды саяхат сабағы өтті. Қосымша ақпарат құралдарынан жазушы туралы мәліметтерді оқып, өз ойларын қағазға түсірді.