Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 мектебінің «Мектепке жол» акциясының өтілуі туралы мәлімет.

Дата: 2018-10-10 10:27:24

   Ы.Алтынсарин  атындағы ЖББ №25 орта мектебінде 2018 жылдың 01-30.09 аралығында «Мектепке жол» акциясы жарияланды. Мектепте стенд ұйымдастырылып, ата-аналарға ақпараттар, жарнамалар берілді. Биылғы «Мектепке жол»  акциясына төмендегі кәсіпорындар мектептегі аз қамтылған және көп балалы отбасы балаларына мектепке дайындалуға көмек көрсетті.

«Сарықазына » жеке шаруашылық жауапкершілік  серіктестігі  1 отбасының 4 баласына 89.505 тенге көлемінде, «КМ TRANKO» Балқаш теміржол комплексінің директоры Куанышбеков Бақытжан Касымбековичтің ұйымдастыруымен  8 балаға 150.000 тенге көлемінде. Алтын Арна ЖШС директоры Муслимов Ахат Кадырович 4 балаға 80.000 тенге көлемінде, Қоңырат руднигінің директоры-Қалықбеков Думан Амановичтің басшылығымен 100.500 тенге көлемінде 6 балаға көмек көрсетті.

Биылғы «Мектепке жол» акциясы бойынша 19 ата-анадан өтініш түсіп, 22 бала киіндірілді.Барлығы «Мектепке жол» акциясына 418.645 тенге көлемінде көмек көрсетілді.