«Тәуелсіздікке-25 жыл» атты интеллектуалды сайысы
Дата: 2016-06-15 11:39:21
ЖББ №25 орта мектебінде 10- маусым күні «Тәуелсіздікке-25 жыл» атты интеллектуалды іс-шара өтті.Алаңға келушілерді тәрбиешілер қарсы алып,өткізілетін іс-шараның мақсаты мен міндеттерімен таныстырды. Іс-шараның мақсаты - оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттырып, ой – қисынын дамыту. Отансүйгіштікке, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Сайыс 4 кезеңді қамтыды.
І кезең «Бәйге» . Бұл кезеңде сайыскерлерге сұрақтар қойылды Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан берілді.
ІІ кезең «Тіл өнері» Бұл кезеңнің шарты бойынша сайыскерлерге жұмабақтар жасырылды. Қатысушалыр жұмбақтың шешуін 2 тілде айтты.
ІІІ кезең «Ғажайып төртеу» кезеңінде қатысушыларымыздың 4 негізгі пән әдебиеттік оқу, қазақ тілі, дүниетану, математика пәндері бойынша білімдері тексерілді.
ІV кезең «Жорға».Соңғы кезеңде әр ойыншыға жеке 15 сұрақ қойылды . 1 мин ішінде балалар сұрақтарға нақты әрі дұрыс жауап беруге тырысты.
Сайыс соңында қазылардың шешімімен «Білімділер» тобы жеңіске жетті.